Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мінез-құлқы өзгерді": Бишімбаев Нүкеновамен қарым-қатынаста қиындықтар қашан басталғанын айтты

Опубликовано:

Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Қуандық Бишімбаев Астанада 1 сәуірде өтіп жатқан сот отырысында Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасында қиындықтар қашан басталғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бишімбаев бұрын айтқан неке туралы ұсыныс туралы әңгімеден кейін, сотталушының айтуынша, оларда ешқандай келіспеушілік болмаған. Павлодарда оның айтуынша, Салтанат екеуі құдалық пен той жасапты.

"Ол менің үйіме келді, сөйтіп біз бірге тұра бастадық: алғашқы 3 айда бізде ешқандай ұрыс-керіс болмады. Кейінірек, 14 желтоқсанда, ол достарын жинап, ақ көйлек кигісі келді. Біз жақын туыстар мен достардан 50 адамды жинадық. Мен оның көңілді болғанын қаладым, бұл мен үшін үлкен қуаныш еді.

Ал содан кейін не болғанын білмеймін, мінезі өзгеріп, ашушаң, мазасыз, қызба, агрессивті бола бастады, тіпті кейде дөрекі сөздер айтатын. Бірде ол көліктің кілтін таба алмады, ойы шашырап жүрді. Мен: "Оларды трюмоға қалдырып жүрсең болмай ма?" – дедім. Ол: "Мен қазір кетемін, туыстарымның алдында атап өттім, енді кете аламын", – деп жауап берді.

Бұдан кейін Салтанат екеуі бірнеше күн сөйлеспеген. Сондай-ақ ол әйелінің кешірім сұрауын күткенін де айтты.

"Оның не күткенін білмеймін, бірақ біз әртүрлі бөлмелерде ұйықтап жүрдік. 3-4-ші күні бәрі жиналып қалды да, не болып жатқаны жайында сөйлесуге тура келді. Жұмыстан келген соң мен: "Әңгімелесейікші, саған не болып жүр, түсіндірші. Мұндай оғаш агрессивті мінез-құлқыңның себебі неде?" – деп сұрадым.

Ол ойланып қалды да, менің кеңсемде бір кездері қарым-қатынаста болған адамының фотосы бар екенін айтқысы келгенін жеткізді. Жанжалымыздың себебі осы. Мен оның беделін түсіремін деген ойда емеспін. Мен басқалар айтып жатқандай құбыжық та, басқасы да емеспін", – деді Бишімбаев.

Бұған дейін прокурорлар Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың қарым-қатынасы туралы да айтқан болатын. Олардың айтуынша, Бишімбаев бірге тұрған күннен бастап Нүкеновамен қарым-қатынасында оның көзқарасын мойындамай, ашуланшақтық, агрессия, эгоцентризм танытқан.

Ал марқұм қыздың ағасы оның Бишімбаевтан 8 рет кетіп қалып, онымен қарым-қатынасын үзуге сегіз рет әрекеттенгенін айтты, алайда прокурорлар жазғандай, Бишімбаев оны "қайтарып алып, жақсаруға уәде беріп отырған".

Еске салайық, 1 сәуірдегі отырыста да прокурорлар 2023 жылдың 9 қарашасында екі айыпталушы Бишімбаев пен "Гастроорталықтың" директоры Байжановтың арасындағы хат алмасуды оқыды. Ал жауап алу кезінде Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы барын мойындады, бірақ қасақана, саналы түрде кісі өлтіру бойынша кінәсін мойындамайтынын алға тартты.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076804-minez-qulqy-ozgerdi-bisimbaev-nukenovamen-qarym-qatynasta-qiyndyqtar-qasan-bastalganyn-aitty/

pixel