Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытты сәттері есіне түсті": Бишімбаевтың адвокаты оның сотта не үшін күлгенін түсіндірді

Опубликовано:

Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Сот отырысының трансляциясынан скриншот: KAZ.NUR.KZ

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Сотта куәгерлер сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бишімбаевтың адвокаты сотталушының сотта куәлік беру кезінде неліктен жымиып, күлетініне жауап берді.

"Ол Салтанат туралы айтқанда, бірге бастан өткерген бақытты сәттерін еске алады", - деді қорғаушы.

Бұған дейін прокурор Бишімбаевқа өлтірілген әйелімен қарым-қатынасы туралы айқан кезде жымиып, күлгені үшін ескерту жариялаған болатын.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076837-baqytty-satteri-esine-tusti-bisimbaevtyn-advokaty-onyn-sotta-ne-usin-kulgenin-tusindirdi/

pixel