Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен мұсылмандық жолмен ажырасқанын айтты

Жарияланған күні:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Ол Салтанаттың қазасы алдында онымен мұсылмандық дәстүр бойынша ажырасқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Екінші үлкен жанжал 20 қазанда болды, біз қайтадан бірге тұра бастадық, тіпті жөндеу жұмыстарын (үйде - авт. еск.) жүргіземіз деп шештік және тамызда мұсылманша ажырасып кеткендіктен, сол күні мешітке барып некемізді қайта қиямыз деп шештік.

Мешіттен кейін бәрі жақсы болды, мен бақытты едім, ол да қуанышты болды. Ол құрбыларын шақырып тойлады. Аздаған адам болып отырдық, содан кейін құрбылары кетіп қалды да, біз жалғыз қалдық", - дейді Бишімбаев.

Ол Салтанатқа үйге картина сатып алмақ екенін айтқан. Әңгіме осы тақырыпта өрбіген және сотталушының айтуынша, оны картина авторынан қызғанған көрінеді. Соңында Бишімбаевтың айтуынша, қыз оның бетіне телефонын лақтырып жіберген, ал ол "өзін ұстай алмай, бірнеше рет шапалақпен ұрған".

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077010-bisimbaev-saltanat-nukenovamen-musylmandyq-zolmen-azyrasqanyn-aitty/