Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олай болған жоқ": Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы оның соттағы сөзін жоққа шығарды (фото)

Опубликовано:

Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Сот отырысының трансляциясынан скриншот: KAZ.NUR.KZ

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман дүйсенбі күні сотта бұрынғы күйеуінің куәлігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Назым Қаһарман кеше, 1 сәуірде Бишімбаев сөз алған сот залынан бірнеше бейнеролик жариялап, кейбіріне пікір жазды.

2023 жылы 20 наурызда болған оқиға туралы айтқан (Салтанат Нүкенованың ағасымен төбелесі туралы ред.) Бишімбаев мәлімдемесі туралы Назым Қаһарман: "Ол тағы да балаларды араластырып жатыр. Мені Салтанатқа жазды деп айтыпты. Олай болған жоқ" деп жазды.

Еске сала кетейік, 1 сәуірдегі сотта Бишімбаев 2023 жылы 20 наурызда Салтанатпен арада алғаш рет жанжал шыққанын және осыдан кейін марқұм әйелі ағасына көзі көгерген суретін жібергенін айтқан болатын.

"Бұл күні мереке болатын. Менің серіктестерімнің көбі демалысқа шығады. Сондықтан күн ұзақ кездесулерде болдым, себебі 20-21-і күндері (наурыздың – ред.) олар ұшып кетеді. Жәбірленуші (Нүкенованың ағасы Айтбек – ред.) Салтанат үйде болғанын және денесінің көгеріп қалғанын айтады. Ондай ештеңе болмады. 20 наурызда еш жері көгермеген еді. Балаларым Салтанатпен бірге үйде болған еді. Мен кешке дейін кездесулер өткіздім, ал ол маған әр сағат сайын видеомен хабарласып отырды", – деген болатын Бишімбаев өз куәлігінде.

Сотталушының сөзінше, сол күні кешке Нүкенова үйден кететінін жазған.

"Мен үйге келем дегенше, маған жәбірленуші (Салтанаттың ағасы – ред.) хабарласты. Салтанат кетіп қалыпты (...). Ал менің балаларымды үйде, есікті ашық күйде қалдырып кеткен. Олар есейіп қалды, бірақ сонда да...

Мен жәбірленушіні көшеде күттім: бір-бірімізді көрмей қалдық-ау... Жоғары көтерілдім (пәтерге - ред.) Ешқандай әңгіме болмады: ол тек асүй пышағын алып, мен есікті ашқан бойда, маған пышақпен тұра жүгірді. Менің қолымда тыртық қалды. Ол мені сол кезде өлтіре жаздады.

Мен балалар үшін алаңдадым. Ол біз төбелестік деп айтты. Төбелескен жоқпыз. Мен оның қолынан пышақты жұлып алып, балаларымды көргім келді. Әрең дегенде пышақты тартып алып, қызыма жүгірдім. Ол қорқып қалыпты. Сосын жүгіріп ұлымды іздедім. Ұлым бөлмесінде қорқып, көрпенің астында жатыр екен", – деді Қуандық Бишімбаев.

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балаларының бірі марқұм Нүкеноваға жазған хатының скриншотын бөлісті. Скриншоттан хат 21 наурыз күні жазылғанын және Сонымен қатар оған қоңырау соғуға тырысқанын байқауға болады.

Назым Қаһарман
Назым Қаһарман. Скриншот: instagram.com/nazymkakharman

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077409-olai-bolgan-zoq-bisimbaevtyn-buryngy-zubaiy-onyn-sottagy-sozin-zoqqa-sygardy-foto/

pixel