"Жүйелі түрде ұрып-соғу деп санамаймын": Бишімбаев Салтанатқа қанша рет қол көтергенін айтты
Жарияланған күні:
Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Сотта Бишімбаев сөз сөйледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қорғаушы тарапының адвокаты Бишімбаевтан некеге тұрған жылы марқұмға қол көтерген қанша жағдай болғанын сұрады.
"Егер 9 қарашаны санамасақ, бұл өмірімізде небәрі 2 рет болды – 20 қазан мен 9 наурызда. Алайда 9 наурыздағы ұрысты өзі бастады: ол жұдырығын ала жүгіріп, теуіп, кәдімгідей төбелесті", – деді Бишімбаев.
Адвокаттың нақтылау сұрағына ол ұрып-соғуды жүйелі деп санамайтынын айтты. Сондай-ақ Салтанаттың телефонының құпиясөзін білетінін де айтты.
Қуандық Бишімбаев ісі
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.
Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077040-zuieli-turde-uryp-sogu-dep-sanamaimyn-bisimbaev-saltanatqa-qansa-ret-qol-kotergenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.