Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіпкер Райымбек Баталовтың жұбайы марқұм Салтанат Нүкеноваға қатысты қауесетке пікір білдірді

Опубликовано:

Ленара Баталова
Ленара Баталова. Фото: instagram.com/batalova_lenara

Белгілі кәсіпкер Райымбек Баталовтың жұбайы кешегі Қуандық Бишімбаевтың сотынан кейін марқұм Салтанат Нүкеноваға қатысты тараған қауесетке пікір білдірді. Бұл жайлы Ленара Баталова Instagram-дағы парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ленара Баталованың айтуынша, кешегі сот отырысынан кейін өзіне көптеген сұрақ келген.

"Сот емес "Пусть говорят" бағдарламасы жүріп жатқан сияқты. Менің отбасым жайлы негізсіз айтылған сандырақтарға пікір білдірмеймін. Мен тек Салтанаттың отбасы мен жақындарына күш-қуат, шыдамдылық және бүкіл елдің қолдауымен әділдік орнайтынына сенім тілеймін", – деді Ленара Баталова видеоүндеуінде.

Кеше Астанада өткен сотта Бишімбаев марқұм Нүкеновамен қарым-қатынасында қиындықтар қашан басталғанын айтты. Сотталушының сөзінше, кезекті бір ұрыс кезінде марқұм оған кабинетінде суреті тұрған адаммен бірнеше жыл қарым-қатынаста болғанын айтқан.

"Ол одан 20 жас үлкен, төрт баласы бар. Қазақстанның атақты адамы", – деді Бишімбаев. Сонымен қатар Бишімбаев оның есімі Райымбек екенін атап өтті.

Параграф "Юрист" сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Ленара Баталова белгілі кәсіпкер, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Райымбек Баталовтың ("Атамекен" ақпараты бойынша — басқарма төрағасының міндетін атқарушы) жұбайы.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077787-kasipker-raiymbek-batalovtyn-aieli-saltanat-nukenovaga-qatysty-qauesetke-pikir-bildirdi/

pixel