Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот процесі қайта жалғасты (онлайн-трансляция)
Жарияланған күні:
Астанада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі қайта жалғасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Жоғарғы сот Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы3 сәуірде сағат 10.00-де өтеді деп хабарлаған болатын. Сот отырысы алқабилер қатысуымен ашық режимде өтіп жатыр.
Қуандық Бишімбаев ісі
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.
Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077970-quandyq-bisimbaevtyn-isi-boiynsa-kezekti-sot-procesi-qaita-zalgasty-onlain-translyaciya/