"Некеде емеспін, қорғана да алмаймын": марқұм Нүкенова жазбаларында Бишімбаевпен ара қатынасы туралы айтқан
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Гастро-орталық директоры Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасуда. Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деп айыпталып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың телефонындағы хабарламалар қаралды. Оның ішінде марқұмның смартфонындағы жеке жазбалары да бар.
Прокурор 2023 жылғы 11 қазанда сақталған жазбаны оқыды.
"Мен бәрі ойдағыдай болады деп сеніп, күтіп жүргенде, біздің оқиға бәріне жария болды. Шілде айында бәрі тынышталып, мейірім таныта бастап едің. Қалуыңды өтінгенімде, сенбедің. Сен анаңның сөзін тыңдадың, өйткені анаң сен үшін уайымдады.
Мен анаңа сені сүймейтінімді, аяйтынымды айтқан жоқпын... бірақ ол ажырасқанымызды қалады, өйткені сен оларды қорқытып жатырсың. Балалар да бәрін көріп үлгерді. Бәріне сендің, бірақ кеткеніме өкінемін дегеніме сенбедің. Күйзелісте болдым... бір күні адам сияқты ұйықтайын деп едім... Мен некеде емеспін, қорғана да алмаймын, бәріне жаман көріндім.
Реніштер үшін кешірім сұрадым, бірақ менен құтылуды қаладың, ол да нәтиже бермеді. Енді мен сенен құтыламын..." - деп оқыды прокурор.
Бишімбаев Салтанаттың бұл жазбасындағы "кету паттерндері туралы айтып отырғаны – оған өкпелеген кездерім" деп түсіндірді.
Өз кезегінде зардап шеккен тарап адвокаты бұл Салтанаттың жеке жазбалары екенін, өз тарапынан Бишімбаев бұл туралы түсінік бере алмайтынын айтты.
Айта кетейік, Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Айыпталушылар – күйеуі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов.
Айыпталып жатқан 3 сәуірде Бишімбаев куәгерлігін жалғастырды. Ол Салтанат қаза тапқан күні не болғанын баяндады.
Сондай-ақ ол Нүкенованың өлімі алдында өзі құлап, біраз жарақат алды деп ақталды.
Сонымен қатар судья Айжан Құлбаева сотты адастыруға әрекеттенген Бишімбаевтың адвокаттарына шара қолданатынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078828-nekede-emespin-qorgana-da-almaimyn-marqum-nukenova-zazbalarynda-bisimbaevpen-ara-qatynasy-turaly-aitqan/