Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен сақ болдым": Бишімбаев Нүкенованы қайтыс болған күні қалай ұрғанын айтты

Жарияланған күні:

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев
Айыпталушы Қуандық Бишімбаев: NUR.KZ / Әйгерім Асқарова

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Қуандық Бишімбаев сотта жауап беруін жалғастырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сіз кеше өмірлік маңызды мүшелерінен ұрмадым деп айттыңыз, сонда қай жерінен ұру керектігін алдын ала жоспарладыңыз ба?" – деп сұрады прокурор сотталушыдан.

"Жоқ, мен ұрған кезде ең бастысы зиян тигізбеу, зиян келтірмеу екенін анық түсіндім. Оның денсаулығына зиян келтіру, өлтіруді мақсат еткен жоқпын. Менде ұстамдылық пен сақтық бар, мен сақ болдым", - деп түсіндірді Бишібаев.

Бұл жерде судья "сақ болу" ​​дегеннің нені білдіретінін түсіндіруін сұрады.

"Егер сіз видеоға назар аударсаңыз, мен оны тепкен кезде оның бөксесінен тептім, бұдан адамға ешқандай елеулі (зиян - ред. ескертпесі) болмайтынын түсіндім", - деді сотталушы.

"Кеше өмірлік маңызды мүшелерінен ұрмадым деп айтқанда, бөксені меңзеп пе едіңіз?" – деп судья түсіндіруді сұрады.

Бұл жерде Бишімбаев "лифттегі оқиғаны" видеода Салтанатты ұрып-соғып жатқан кезді меңзегенін айтты.

Судья сонымен қатар оның ойынша, "елеулі зиян" деген нені білдіретінін сұрады.

"Кеше сотта барлығы көргендей, аяқпен қатты соққы жасадыңыз. Мұны қалай түсінуге болады?" - деп сұрады судья.

"Иә, барлығы көргендей соққы болды, бірақ мен бөкседен теуіп жатқанымды және мұның денсаулыққа айтарлықтай зиян келтірмейтінін түсіндім", - деді сотталушы.

Айта кетейік, Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Айыпталушылар – күйеуі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов.

3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні не жағдай болғанын, жанжал неден шыққанын баяндап берді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079026-men-saq-boldym-bisimbaev-nukenovany-qaitys-bolgan-kuni-qalai-urganyn-aitty/