Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың соты қайта жалғасты (онлайн-трансляция)
Жарияланған күні:
Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезкті сот отырысы бүгін, сағат 09:30-да өтеді.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-каналынан көруге болады.
Айта кетейік, 27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.
Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаев ісі
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.
Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081327-buryngy-ministr-quandyq-bisimbaevtyn-soty-qaita-zalgasty-onlain-translyaciya/