Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майқайыңалтындағы" автобус апаты: кеніштің ұсталған қызметкерлері үйқамаққа алынды

Жарияланған күні:

"Майқайыңалтын" АҚ аумағы
"Майқайыңалтын" АҚ аумағы. Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысында шұңқырға құлаған автобус апатына қатысты іс бойынша "Майқайыңалтын" АҚ-ның ұсталған қызметкерлері үйқамаққа алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Павлодар облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Павлодар облысының полицейлері тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, "Майқайыңалтын" АҚ-ның алты жауапты қызметкерін ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Ұсталғандарға қатысты үйқамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 18 қыркүйекте "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы шұңқырға құлаған автобус оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша кәсіпорынның 6 жауапты қызметкерлері ұсталған болатын.

"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апат

Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні "Майқайың" кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді.

Автобуста 4 адам болған. Олар – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының" Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі. Қаза болған екі қызметкердің денесі жер бетіне шығарылды, қалған екі қызметкерді іздеу жұмыстары осы күнге дейін жүргізіліп келе жатыр.

Бұл оқиғадан соң Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады.

Тергеу қорытындысы жарияланды. Комиссия жауапты 7 адамды анықтады.

29 қаңтарда Павлодар облысының әкімі іздестіру жұмыстарының нәтижесінде автобус дөңгелегі табылғанын хабарлады. Бірнеше күннен кейін опырылған жерден құтқарушының дулығасы мен қол радиосы табылды.

5 ақпанда опырылған жерде жұмыс тоқтатылды. Төтенше жағдайлар департаменті оқпанға құлаған автобусты іздестіру орнында опырылып қалу қаупі тым жоғары екенін мәлімдеді. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр "Майқайыңалтын" АҚ-да құлаған автобусты құтқару үшін халықаралық құтқарушыларды тартудың қажеті жоқ екенін айтты.

7 ақпанда іздеу жұмыстары қайта жанданды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы "Майқайыңалтын" кәсіпорнындағы жұмыс барысына тоқталып, оқиғаның себебін комиссия анықтағанын атап өтті.

Оқиғадан соң үш ай өткенде іздестіріліп жатқан екі адамның туыстары көмек сұрап Астанаға келді. Марқұмның жақындары құтқару жұмыстарын жалғастыруды талап етті.

17 сәуірде Астана соты "Майқайыңалтын" АҚ-ның жауапты тұлғаларын автобус апатына кінәлі деп танып, шешім шығарды. Жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі бар екені анықталды. Бұған дейін компания өкілдері жазатайым оқиғаға қатысы жоғын айтып, кінәні мойындамаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163412-maiqaiyngaltyndagy-avtobus-apaty-ustalgan-qyzmetkerlerge-bultartpau-sharasy-tangdaldy/