Top.Mail.Ru

Зектілері

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері қашан ашылады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұшақ құлаған орын
Ұшақ құлаған орын. Фото: ТЖМ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері қашан ашылатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алгоритм, стандарттар бар, барлық ел соны басшылыққа алады. Алдымен әуе апатын зерттейтін комиссия құрылады. Сол комиссия жағдайға және барлық мәліметке сүйене отырып, қара жәшіктерге қатысты шешім шығарады.

Қазір бұл процесс жүріп жатыр – фрагменттер, детальдар жиналып жатыр. Ертең сол жерге сарапшылар барады, шығарушы ел – Бразилия. Әуе тасымалдаушының өзі ертең келеді. Осы адамдардың барлығы жиналып, қалай ашу керек екенін шешеді. Алгоритм осындай", - дейді Талғат Ластаев.

Айта кетейік, бұған дейін апат орнынан тағы бір қара жәшік табылғанын жазған едік.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Әзербайжан тарабы алдын ала ақпаратқа сәйкес, ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

Апатқа байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі жедел желі іске қосты.

Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатып, Ақтау маңына құлаған ұшақ бортында болған жолаушылар тізімін жария етті.

АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жалпы апат орнынан 29 адам облыстың медициналық мекемелеріне жеткізілген. Олардың 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына түсті.

Azerbaijan Airlines әуе апатының себептерін тергеу аяқталғанша Бакуден Грозный мен Махачкалаға ұшуды уақытша тоқтататты.

Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ болып шықты.

Оқиға орнына Әзербайжан құтқарушылары, ал елордадан санитариялық авиация борты келді.

Қайғалы апатқа байланысты брифинг барысында көлік министрі ұшақ экипажының бес мүшесінен үшеуі аман қалғанын хабарлады. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан экипаждың үш емес, екі мүшесі ғана тірі қалғанын мәлімдеді.

Түн ортасында Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды. Олардың арасында бір бала бар.

Әзербайжан астанасында мемлекеттік алаңдағы және басқа да ресми мекемелердегі ту түсіріліп, аза тұту күні жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205663-aqtauda-apatqa-ushyragan-ushaqtyng-qara-zhashikteri-qashan-ashylady/