Желіде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосын жариялады. Ол шенеуніктің халін сұрап, барған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Бір кездері бірге жұмыс істеген, нағыз патриот, адал әрі парасатты жан Руслан Берденовтің хал-жағдайын біліп қайттым. Ол мен жеке танитын жалғыз саясаткер және оның адалдығын құрметтеймін", - деп жазды Марғұлан Сейсембай Telegram-дағы арнасында.
Кәсіпкер қазіргі уақытта Берденовтің жағдайы, көңіл-күйі жақсы екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер Руслан Берденовке шұғыл түрде ота жасалғанын, ота төрт сағаттан аса уақытқа созылғанын жеткізді. Кейінірек оның есін жиғаны белгілі болды.
Полиция күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Кейін брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әріптесі Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты жаңа деректерді айтып, бұл жағдайға қатысты әкімдік тарапынан неге ешкім пікір білдірмегенін түсіндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2243427-zhelide-shymkent-akimining-orynbasary-ruslan-berdenovting-auruhanadagy-fotosy-zhariialandy/