Руслан Берденовке қастандық жасау ісі: үкімге екі тарап та апелляциялық шағым түсірді
Опубликовано:
Читать на русском
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша үкімге екі тарап та апелляциялық шағым түсірді. Апелляциялық шағым қаралатын күн белгіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Процесс 2025 жылдың 8 қазанына сағат 12:00-ге белгіленді", - делінген Шымкент соты баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, биыл 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды.
Алдын ала мәліметте күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқаны хабарланды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер Руслан Берденовке шұғыл түрде ота жасалғанын, ота төрт сағаттан аса уақытқа созылғанын жеткізді. Кейінірек оның есін жиғаны белгілі болды.
Полиция күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
25 маусымда Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тергеу аяқталғаны хабарланды.
28 шілдеде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау фактісі бойынша сот процесі басталғанын хабарлағанбыз.
Ал 20 тамызда сот үкімі шықты. Сот айыпталушы Ернар Жиембайды 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2292954-ruslan-berdenovke-qastandyq-zhasau-isi-ukimge-eki-tarap-ta-apelliatsiialyq-shagym-tusirdi/