jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда студенттер онлайн оқуы мүмкін бе: министр жауабы

Бетперде таққан жас жігіт
Бетперде таққан жас жігіт. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі тұмауға байланысты студенттердің онлайн оқуға көшірілу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жіті бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігімен үнемі байланыстамыз. Әзірше жоспарлап отырған жоқпыз. Жалпы жағдай бақылауымызда тұр. Мектепке дейінгі, орта білім бойынша Оқу-ағарту министрлігі пікір білдіргені жөн", - деді министр Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Еске салсақ, Алматыда ЖРВИ және тұмаумен ауырғандар көбейіп, ауруханалар күшейтілген режимге көшкені хабарланған болатын.

Сондай-ақ ШҚО-да "гонконг тұмауын" жұқтыру жағдайлары анықталды.

Одан бөлек Ақтөбеде тұмау өршіп тұр. Мамандар вирус жұқтырған адам саны күн санап артып барады деп дабыл қағып отыр. Қазірдің өзінде жұқпалы аурулар ауруханасына науқас сыймай жатыр. Жартысынан көбі — балалар.

Сонымен қатар Гонконг тұмауы Абай облысы мен Алматыға да жетті. Екі өңірді қосқанда, жалпы саны 32 науқас вирустың осы түрін жұқтырған.

Қазақстанда студенттер онлайн оқуы мүмкін бе: министр жауабы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.