jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Сағындық Тоғамбай бір минутта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жартылай финалға өтті (видео)

    Сағындық Тоғамбай Азия ойындарында
    Сағындық Тоғамбай Азия ойындарында Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай ширек финалда ирандық спортшыны нокаутқа жіберіп, Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сағындық Тоғамбай 92 келі салмақта ирандық Туфан Шарифимен кездесіп, Азия ойындарындағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

    Қазақстандық боксшы бүл жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол кездесудің 47 секундында ирандықты нокаутқа түсірді.

    Бұған дейін ол Моңғолия өкілі Бариахаан Доржпен жұдырықтасып, оны екі раундта екі мәрте нокдаунға түсірген болатын.

    Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай әзірге Азия ойындарының жартылай финалына өткен алғашқы қазақстандық боксшы болып отыр.

    Бұған дейін Назым Қызайбай Азия ойындарымен қош айтысты. Спортшы моңғолиялық қарсыласы Есугэн Оюунцэцэгке есе жіберді.

    Сондай-ақ Сәкен Бибосынов та Азия ойындарында жеңіліс тапты. Ол өзбекстандық Хасанбай Дусматовқа жол беріп қойды.

    Боксшы жекпе-жектен кейін жеңілісінің себебін түсіндіріп, қателіктің бәрі өзінен болғанын мойындады.

    Оған қоса, бүгін 29 қыркүйекте Нұрбек Оралбай 80 келі салмақ дәрежесінде Қытайдағы этникалық қазақ Тохтарбек Танатханнан жеңіліп қалды. Отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокдаунға жіберсе де, төрешілер жеңісті Қытай өкіліне берді.

    Ал бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Боксшы өте қиын кездесуде жергілікті қытайлық спортшыны ұтты.

    Сағындық Тоғамбай бір минутта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жартылай финалға өтті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.