jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Элянұр Тұрғанова қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, әлем чемпионы атанды

    Элянұр Тұрғанова
    Элянұр Тұрғанова. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстандық боксшы Элянұр Тұрғанова Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Элянұр Тұрғанова финалда ирландиялық Пике Карлагты айқын басымдықпен жеңді.

    Бұл жекпе-жектің 2-раундында Элянұр Тұрғанова қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді.

    Элянұр Тұрғанова аталмыш турнирдің 1/8 финалында түркиялық Эмине Кылынчты бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңсе, ширек финалда өзбекстандық Зилолахон Юсуповадан басым түсті. Ал әлем чемпионатының жартылай финалында грекиялық Мария Георгопулуды төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

    Айта кетейік, кеше, 2 қарашада Будвада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жігіттер арасында Төрехан Сабырхан (67 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), қыздар арасында Аружан Зейноллаева (81 кг) өнер көрсетіп, үшеуі де алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 10 қола және 4 алтын жүлде бар.

    Элянұр Тұрғанова қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.