Спорт

Зектілері

Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатының алғашқы күмісі түсті

Жарияланған күні:

Ұлдана Таубай
Ұлдана Таубай.Фото: Instagram/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Ұлдана Таубай жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлдана Таубай Будвада (Черногория) өтіп жатқан әлем біріншілігінің 66 кг салмақ дәрежесіндегі финалында жұдырықтасты. Ол ақтық сында ирландиялық Дойл Бирн Кайладан жеңіліс тапты.

Қазақстандық спортшы күміс жүлдесі үшін ұйымдастырушылар тарапынан 4000 АҚШ доллар сыйақы алады.

Ұлдана Таубай бұл турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде түркиялық Хелих Өздемирді, кейін ширек финалда ресейлік Анастасия Грибанованы, жартылай финалда румыниялық Амалия Тугуйды жеңген еді.

Айта кетейік, кеше, 2 қарашада Будвада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жігіттер арасында Төрехан Сабырхан (67 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), қыздар арасында Аружан Зейноллаева (81 кг) өнер көрсетіп, үшеуі де алтын медаль жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ бүгін, 3 қарашада 50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Элянұр Тұрғанова финалда ирландиялық Пике Карлагты айқын басымдықпен жеңді.

Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 4 алтын, 1 күміс, 10 қола жүлде бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2182323-qazaqstan-quramasynyng-qorzhynyna-alem-chempionatynyng-algashqy-kumisi-tusti/