jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Азия чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: t.me/boxing_kazakhstan

    Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Таиландтағы Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 кг салмақ дәрежесіндегі ширек финалда таиландтық Сомчай Вонгсуванмен кездесті. Бұл жекпе-жекте Мұхаммедсабыр 4:1 есебімен жеңіліске ұшырады.

    Айта кетейік, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы биыл жазда Париж Олимпиадасына қатысып, ширек финалға дейін жеткен еді. Сондай-ақ ол жастар арасындағы Азия чемпионы.

    Бүгін, 6 желтоқсанда тағы 3 қазақстандық боксшы ширек финалдық жекпе-жек өткізген еді. Санжар Тәшкенбай тәжікстандық Мехрон Шафиевті жеңді. Сәкен Бибосынов өзбек боксшысы Асылбек Жалиловқа есе жіберіп, жарысты аяқтады. Ал Махмұд Сабырхан Шри-Ланка өкілі Джаятнатх Кумардан басым түсті.

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Азия чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.