Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия ойындарының қола жүлдегері болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аса ауыр салмақта (130 келі) белдескен Әлімхан түркменстандық балуанды 5:1 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдесін еншіледі.
Айта кетейік, джиу-джитсудан 5 қазан күні ел қоржынына бір алтын, екі күміс медаль салынды
69 келіде бақ сынаған Нұржан Батырбеков финалдық сайыста екі дүркін Азия чемпионын жеңіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды .
62 келіде әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері Мансұр Хабибулла қола үшін өткен бәсекеде филиппиндік Марк Александер Лимді (Филиппин) 6:2 есебімен ұтты.
Сондай-ақ, 69 келі салмақта белдескен Алдияр Серік сингапурлық қарсыласын ұпай санымен жеңіп, Азия ойындарының қоласын жеңіп алды.
Сондай-ақ каратэшілер де ел қоржынын бір алтын мен бір күміспен толықтырды.
Нұрқанат Әжіқанов Азиаданың алтынын жеңіп алса, Лаура Әліқұл күміс жүлдеге ие болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2039745-alimxan-syzdyqov-grek-rim-kuresinen-aziadanyn-qola-zuldegeri-atandy/