Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов америкалық жанкүйерлері туралы: Олар бізге қарағанда анағұрлым әдепті

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Louis Grasse/PxImages/Icon Sportswire via Getty Images

UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өзінің отандық жанкүйерлерін америкалық жанкүйерлерімен салыстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Вестник ММА" Youtube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшының айтуынша, кейде өз танымалдығы өзіне кедергі келтіріп жатады. Шавкат Алматы әуежайындағы жағдайды мысалға келтірді, америкалық Стивен Томпсонды жеңгеннен кейін оны жүздеген жанкүйер қарсы алған. Алайда осыған дейін Шавкатты күтіп алу жабық түрде өтуге тиіс болған.

"Тіпті далада жүрсең де, танып қояды. Әрине, бұл бір жағынан жақсы, бір жағынан ыңғайсыз. Баламен жүресің, достарыңмен жүресің, асығып тұрасың. Біреу келіп, сұрақтар қоя бастайды, "суретке түсейік" дейді. Телефонын шығарып, камерасын ашқанша да біраз уақыт өтеді. Осы үшін кейде суретке түсуден бас тартатын кездерім болады. Осыдан кейін ойлайтын шығар, мені жұлдыз болып кетті деп. Түсініңіздер, мен физикалық түрде барлығымен бірдей суретке түсіп үлгермеймін. Бірақ уақытым болып тұрса, фотоға түсу – қиын емес", - дейді спортшы.

Файтердің сөзінше, бұл тұста америкалықтардан үйренеріміз көп.

"Америкада бұл тұрғыдан бәрі жақсы. Олар бізге қарағанда анағұрлым әдепті, жақындап сұрайды, "Уақытыңыз бар ма, бірге фотоға түсуге бола ма?" деп. Ал бізде ондай жоқ, Тіпті даладан ұстап алып, "Суретке түсейік" дейді. Түсінемін, жанкүйерлерім, олардікі қандай жағдай болмасын дұрыс, бірақ мен де адаммын ғой. Кейбір жерлерде мінезімді көрсетіп қалуым мүмкін", - деді Шавкат Рахмонов.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов 16 желтоқсанда Стивен Томпсонды жеңіп, UFC-те орта салмақ дивизионында 3-орынға көтерілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2052846-savkat-amerikalyq-zankuierleri-turaly-olar-bizge-qaraganda-adepti/

pixel