jitsu gif
Спорт

    "Келесі жылы UFC белбеуін Қазақстанға алып келеміз": Шавкат Рахмоновтың бапкері тосын мәлімдеме жасады

    Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев
    Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

    Dar Team жекпе-жек клубының бас бапкері Эдуард Базров команданың алдағы жоспары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Dar team командасының басты мақсаты – UFC белбеуі. Біздің командамыздың екі өкілі UFC-де өнер көрсетеді. Олар – Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев. Шавкатқа белбеуді иеленуге бір қадам қалды. Осы жылы тағы бір табан жақындап, келесі жылы белбеуді Қазақстанға әкелетінімізге сенімдімін", - деді Базров.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов октагонға күзде оралатынын мәлімдеген еді. Ал Асу Алмабаев 15 маусымда UFC Fight Night турнирінде америкалық файтер Хосе Джонсонмен жекпе-жекке шығады.

    Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңген болатын. Алмабаев соңғы рет биыл 9 наурызда октагонға шығып, Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен UFC 299 турнирінде АҚШ өкілі Си Джей Вергараны төрешілердің шешімімен ұтты.

    "Келесі жылы UFC белбеуін Қазақстанға алып келеміз": Шавкат Рахмоновтың бапкері тосын мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.