Елена Рыбакина Торонтодағы турнирден шығып қалды
Опубликовано:
Қазақстанның бірінші ракеткасы, Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Торонтодағы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Sports.kz.
Отандасымыз турнирдің 1/16 финалында қалт кетті. Оның қарсыласы Үлкен дулыға турнирінің екі дүркін финалисі, 18 жастағы америкалық теннисші Кри Гауфф (әлемнің 11-ракеткасы) болды. Жас спортшы отандасымыздан үш сетте де басым түсті. Есеп 4:6, 7:6, 6:7.
Матч екі сағат елу минутқа созылды.
Айта кетейік, биыл отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді.
Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтқан.
Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісі үшін берілген Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартқаны белгілі болды.
Одан бөлек, президент жарлығымен Елена Рыбакина ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1982719-elena-rybakina-torontodagy-turnirden-sygyp-qaldy/