jitsu gif
Спорт

    Азиада-2023: қазақстандық гандболшылар алғашқы жеңісіне қол жеткізді

    Гандбол добы
    Гандбол добы Көрнекі фото: olympic.kz

    Ханчжоуда жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстанның гандбол құрамасы турнир аясындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Гандболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы кездесу өткізді. Матч 31:27 есебімен қазақстандық гандболшылардың пайдасына аяқталды.

    Еске сала кетейік, Қазақстан алғашқы ойынын Бахрейнге қарсы өткізген болатын. Кездесуде біздің спортшылар 22:45 есебімен жеңіліс тапқан еді.

    Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.

    Қазіргі уақытта ел қоржынына үш медаль түсті.Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин қола жүлдесіне ие болды.

    Сондай-ақ қазақстандық мерген Николай Чирюкин нысана көздеуден қола жүлдені жеңіп алды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.