Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарын жеңіспен бастады
Опубликовано:
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы матчін Сингапур командасына қарсы өткізді. Кездесу 12:6 есебімен отандық спортшылардың жеңісімен аяқталды.
Қазақстандықтар, әсіресе, бірінші және төртінші кезеңде жақсы ойын көрсетті.
Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге бір күміс, үш қола иеленді.
Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин мен Эсмигул Куюлова қола жүлдесіне ие болды. Үшінші қоланы нысана көздеуден Николай Чирюкин жеңіп алды.
Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.
- "Қырқын өткіздік": Жан құрбысы өмірден өткен Абиба Әбужақынова көз жасына ерік берді (видео)
- Абылайхан Жұбаназар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038017-su-dobynan-qazaqstan-aielder-quramasy-aziya-oiyndaryn-zenispen-bastady/