Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абылайхан Жұбаназар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Абылайхан Жұбаназар Азия ойындарында
Абылайхан Жұбаназар Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Дзюдодан Қазақстан намысын қорғаған Абылайхан Жұбаназар Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Мусо Собировты жеңіп, елімізге тағы бір қола жүлдені сыйлады.

Ханчжоудағы Азия ойындарында дзюдодан Қазақстан командасы әзірге бір күміс, үш қола медаль иеленді.

Абиба Әбужақынова ел қоржынына күміс жүлде түсірсе, Мағжан Шамшадин, Эсмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар қолаға ие болды.

Сондай-ақ тағы бір қола жүлдені қазақстандық мерген Николай Чирюкин жеңіп алды.

Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038026-abylaixan-zubanazar-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel