Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиадаға алғаш рет қатысқан 16 жастағы Екатерина Таранцева қола жүлде жеңіп алды

Жарияланған күні:

Екатерина Таранцева марапаттау рәсімі кезінде
Екатерина Таранцева марапаттау рәсімі кезінде Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Азия ойындарында слаломда ескек есуден ел намысын қорғаған 16 жастағы Екатерина Таранцева Қазақстанға қола медаль сыйлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық спортшының көрсеткіші- 111.71 секунд. Алтын медаль Тайпей өкіліне бұйырды. Күміс жүлде қытайлық спортшының еншісінде.

Бұған дейін ерлер арасындағы сында тағы бір отандасымыз Александр Куликов та қола жүлдегер атанды.

Бүгін, 6 қазанда бірнеше қазақстандық спортшы Азия ойындарының финалына жолдама алды.

Каратэші Қайсар Алпысбай 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда индонезиялық Ари Сапутраны жеңіп, Азиаданың ақтық сынына шықты.

Сондай-ақ отандасымыз Жәмилә Бақбергенова құрлықтық доданың финалында алтын үшін күреседі.

Джиу-джитсудан ел намысын қорғап жатқан Галина Дуванова бірінші орын үшін үш дүркін чемпионы Анние Рамирезбен (Филиппин) күш сынасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039872-aziada-2023-qazaqstan-qorzyny-tagy-bir-medalmen-tolyqty/