jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Асу Алмабаев америкалық файтерлерге қазы ұсынды

    Гилберт Бернс, Аунг Санг, Хенри Хуфт қазы жеп тұр. Скрин
    Гилберт Бернс, Аунг Санг, Хенри Хуфт қазы жеп тұр. Скрин: instagram.com/asu_zulfikar57

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев америкалықтарға қазыдан дәм татқызды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Асу Алмабаевтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Асу Алмабаев 9 наурызда Майамиде (Флорида штаты) өтетін UFC 299 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық файтер Си Джей Вергара.

    Бұл кездесуге Алмабаев АҚШ-тағы Kill Cliff FC спорт залында Генри Хуфт және Саид Сапаровтың жетекшілігімен дайындалып жатыр. Ол жаттығу барысында америкалықтарға қазыдан дәм татқызды. Қазақстандық файтер Instagram Stories-ке жариялаған видеодан бразилиялық жекпе-жекші Гилберт Бернс, мьянмалық спортшы Аунг Санг және жаттықтырушы Генри Хуфт қазы жеп тұрғанын көруге болады.

    "Асу және Шавкат, жылқының еті өте жақсы екен, рақмет!", – деп жазды Аунг Ла Н Санг Instagram-дағы Stories-іне.

    Гилберт Бернс, Аунг Ла Н Санг, Хенри Хуфт
    Гилберт Бернс, Аунг Ла Н Санг, Хенри Хуфт қазы жеп тұр. Скрин: instagram.com/asu_zulfikar57

    Осыған дейін Асу Алмабаевтың бапкері бразилиялық файтер Гилберт Бернсқа қазақстандық шоколад сыйлаған еді. Сондай-ақ Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегіне "Жұмыр қылыш" күйімен шығатын айтты.

    Асу Алмабаев америкалық файтерлерге қазы ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.