jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Криштиану Роналду оғаш қылығы үшін ойыннан шеттетіліп, айыппұл төлейтін болды (видео)

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду: instagram.com/сristiano

    "Әл-Наср" футбол клубының ойыншысы Криштиану Роналду Сауд Арабия чемпионатындағы оғаш қылығы үшін жазаланбақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Al Riyadhiah басылымының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Криштиану Роналду саудиялық Про-лиганың 21-туры аясында "Әл-Шабабқа" қарсы өткен ойында (3:2) "Месси!" деп айғайлаған жанкүйерлерге оғаш қылық көрсеткен еді.

    Al Riyadhiah басылымының жазуынша, тәртіп комитеті португалиялық футболшыны спорттық емес мінез-құлқы үшін екі матчтан шеттетіп, ақшалай айыппұл салуды жоспарлап отыр.

    Еске салайық, осыған дейін қарсылас команданың шарфын лақтырып жіберген Роналдудың әрекеті желіде қызу талқыланған еді.

    Айта кетейік, Криштиану Роналду Азия Чемпиондар лигасының 1/8 финалында клубтық деңгейдегі 1000-матчын өткізді. Ол "Әл-Наср" сапына 2022 жылдың соңында қосылған еді. 39 жастағы футболшы өткен жылы 54 гол соғып, үздік сұрмерген атанды.

    Transfermarkt порталы Криштиану Роналдудың трансферлік нарықтағы құнын 15 миллион еуро деп бағалап отыр.

    Криштиану Роналду оғаш қылығы үшін ойыннан шеттетіліп, айыппұл төлейтін болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.