Спорт

Зектілері

Азиада-2025: қазақ қызы фристайл-акробатикадан тағы бір медальді ел қоржынына салды

Жарияланған күні:

Фри-стайлшы Аян Жолдас
Фри-стайлшы Аян Жолдас. Фото: olympic.kz

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аяна Жолдас Харбинде (Қытай) өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қола жүлде алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ел намысын қорғаған спортшыға төрешілері 76,54 ұпай берген. Бұл нәтиже оған "қола" әкелді.

Бірінші орын қытай спортшысы Чю Мэньтаоға (90,94 ұпай) бұйырса, күміс жүлдені Чэнь Сюжень (Қытай) еншіледі - 81,58 ұпай.

Ал қазақстандық спортшы Ардана Маханова шешуші финалға өте алмады.

Еске салсақ, кеше шаңғы жарысынан Харбинде өткен 2025 жылғы Азиада финалында үшінші болып келген қазақстандық шаңғышы Константин Борцов күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы төртінші кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Ұлттық құрама максималды 12 ұпай жинап, А тобында бірінші орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 ақпан күні Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. Кездесу шамамен Қазақстан уақыты бойынша сағат 9:00-де басталады.

Одан бөлек үш қазақстандық шорт-трекші 2025 жылғы Азия ойындарынан шеттетілді.

Бұған дейін конькиші Евгений Кошкин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтеріліп, күміс жүлде алғанын жазған едік.

Ал Азиаданың бірінші күні шорт-тректен аралас ұлттық құрама Қазақстан құрамасына алғашқы медальді әкеліп, күміс алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2219088-aziada-2025-qazaq-qyzy-fristail-akrobatikadan-tagy-bir-medal-el-qorzhynyna-saldy/