Спорт

Зектілері

Қоржынға +1 күміс: шорт-трекші қыздар қысқы Азия ойындарында медальмен қуантты

Жарияланған күні:

Қазақстандық шорт-трекші
Қазақстандық шорт-трекші. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандықтар 3000 метрлік қашықтықтағы эстафетада екінші орынға көтерілді. Финалда ел намысын Ольга Тихонова, Малика Ермек, Алина Әжғалиева және Яна Хан қорғады.

Алтын медальды Қытай жеңіп алса, Жапония үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қазақстан аралас эстафетада да күміс медальді иеленген болатын.

Еске салсақ, бүгін фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аяна Жолдас қола жүлде алды.

Сондай-ақ кеше шаңғы жарысынан Харбинде өткен 2025 жылғы Азиада финалында үшінші болып келген қазақстандық шаңғышы Константин Борцов күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы төртінші кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Ұлттық құрама максималды 12 ұпай жинап, А тобында бірінші орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 ақпан күні Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. Кездесу шамамен Қазақстан уақыты бойынша сағат 9:00-де басталады.

Одан бөлек үш қазақстандық шорт-трекші 2025 жылғы Азия ойындарынан шеттетілді.

Бұған дейін конькиші Евгений Кошкин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтеріліп, күміс жүлде алғанын жазған едік.

Ал Азиаданың бірінші күні шорт-тректен аралас ұлттық құрама Қазақстан құрамасына алғашқы медальді әкеліп, күміс алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2219132-qorzhynga-1-kumis-short-trekshi-qyzdar-qysqy-aziia-oiyndarynda-medalmen-quantty/