Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда Ресей-Украина арасындағы кезекті келіссөздер басталды

Опубликовано:

Ресей - Украина келіссөздері басталды
Фото: t.me/rian_ru

Түркияның Стамбұл қаласында Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөздер басталды. Кездесу барысында делегаттар алдында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сөз сөйледі, деп хабарлайды РИА Новости.

Келіссөздер Стамбұлдағы Долмабахче сарайында өтіп жатыр.

"Қақтығыстың жалғасқаны ешкімге тиімді емес. Соғыста жеңімпаздар болмайды", - деді Ердоған Ресей мен Украиана өкілдеріне қарата.

Ердоғанның сөзінше, бұл келіссөздер екі мемлекеттің басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуіне ықпал етуі мүмкін.

Сондай-ақ ол Түркия бұл келіссөздерді өз аумағында өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Украианалық бұқаралық ақпарат құралдары да келіссөздердің басталғанын хабарлады.

Айта кетсек, бұған дейін Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөздердің 29 наурызда өтетінін жазған едік. Кездесу жабық форматта өтетіні, баспасөз өкілдері қатыспайтыны хабарланған болатын.

Жалпы, Ресей мен Украина арасындағы алғашқы келіссөз 28 ақпанда Беларусь мемлекетінің аумағында өткен еді.

Екінші кездесу 2 наурызда болды. Ал 8 наурызда Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі өткен болатын.

Сонымен қатар 14 наурыз күні де Ресей-Украина арасындағы кезекті келіссөз өтті. Алайда тараптар нақты бір шешімге келмеді.

Кейінірек Украина президенті Владимир Зеленский ресми Мәскеуді тағы да бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1962583-turkiyada-resei-ukraina-kelissozderinin-zana-kezeni-bastaldy/

pixel