jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Түркиядағы зілзала: Қаза тапқандар саны 3,3 мыңнан асты

Түркиядағы жер сілкінісі
Фото: Muzaffer Cagliyaner/Anadolu Agency via Getty Images

Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты. Соңғы мәлімет бойынша төтенше жағдай салдарынан 3,3 мыңнан астам адам көз жұмған, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі және қауіп-қатерді азайту бөлімінің бас директоры Орхан Татардың айтуынша, қазіргі уақытта 3381 адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр.

Сондай-ақ зілзаладан 20 436 адам зардап шеккен. Оның сөзінше, 5575 ғимарат қираған.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Сирияда табиғи апаттан 700-ден астам адам көз жұмып, 1430 адам жарақаттанған.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгін қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанған болатын. Борт алдын ала мәлімет бойынша Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

Түркиядағы зілзала: Қаза тапқандар саны 3,3 мыңнан асты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.