jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Өзбекстан президентінің инаугурациясы қай күні өтетіні белгілі болды

Шавхат Мирзиеев
Шавхат Мирзиеев. Фото: president.uz

Кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жеткен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің инаугурациясы ертең, 14 маусымда ел парламенті палаталарының бірлескен отырысында өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің инаугурациясы 14 шілдеде заң шығару палатасы мен Сенаттың бірлескен отырысында өтетіні хабарланды.

"Рәсімде 9 шілдеде өткен кезектен тыс сайлауда президент болып қайта сайланған Шавкат Мирзиеев Өзбекстан халқына адал болуға ант береді", - делінген мақалада.

Еске салайық, өткен аптада Өзбекстанда президент сайлауы өтіп, онда қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев 87,05 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.

Өзбекстандағы президент сайлауынан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлескен еді. Ол әңгімелесу барысында Мирзиёевті сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев президент болып қайта сайланғаннан кейін аудандар мен қалалардың 12 басшысын, ірі мемлекеттік компаниялардың басшылары мен шенеуніктерін отставкаға жібергенін хабарлаған едік.

Өзбекстан президентінің инаугурациясы қай күні өтетіні белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.