Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеу маңындағы атыста зардап шеккен қазақстандықтар бар ма: СІМ өкілі пікір білдірді

Опубликовано:

"Крокус Сити Холл" концерт залындағы қайғылы жайт
"Крокус Сити Холл" концерт залындағы қайғылы жайт. Фото: Stringer/AFP/Getty Images

Мәскеу маңындағы "Крокус сити холл" концерт залында болған атыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын СІМ өкілі Айбек Смадияров айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров қазіргі таңда зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

"Қазір жағдайдың егжей-тегжейін анықтап жатырмыз. Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпарат түскен жоқ. Қосымша ақпарат болса, хабарлап отырамыз", - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оның видеосын жариялай бастады. Оқиға орнында жарылыс естілгені де хабарланды.

РИА Новости хабарына қарағанда, арнайы жасақ жауынгерлері өртсөндірушілермен бірге "Крокус Сити Холл" ғимаратының ішінде жұмыс істеп жатыр, адамдарды эвакуациялау жүріп, қылмыскерлерді іздеу операциясы басталған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

Ал Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі таратқан алдын ала мәлімет бойынша, 40 адам қаза тапқан және 100-ден аса адам зардап шеккен.

Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072400-maskeu-manyndagy-atysta-zardap-sekken-qazaqstandyqtar-bar-ma-sim-okili-pikir-bildirdi/

pixel