Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Крокус Сити Холлда" болған теракт: құрбан болғандар саны 115 адамға жетті

Опубликовано:

"Крокус Сити холл" ғимараты
"Крокус Сити холл" ғимаратына арнайы жасақ кірген сәт. Фото: https://t.me/ostorozhno_novosti

Мәскеудегі Крокус Сити Холлда болған теракт салдарынан қаза тапқандар туралы жаңа мәлімет жарияланды. Қазіргі таңда 115 адам құрбан болғаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

"Крокус Сити Холл концерт залында теракт болған жерде төтенше жағдайлар қызметі үйінділерді тазарту жұмыстар кезінде тағы да қаза тапқандардың денесі табылды.

Қазір қаза тапқандар саны 115 адамға жетті.

Іздеу жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холлда" болған теракт

22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оқиғаның видеосын жариялаған. Оқиға орнында жарылыс болғаны да хабарланды.

Ресейдің Тергеу комитеті атыстан 90-тан астам адам қаза тапқанын, құрбандар саны артуы мүмкін екенін мәлім етті. РИА Новости агенттігінің мәліметінше, 115 адам ауруханаға жеткізілді, оның бесеуі балалар: 60 ересек адамның және бір баланың жағдайы ауыр.

Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі басшысы Александр Бортников Владимир Путинге ғимаратына террорлық шабуыл жасаған 11 адамның, оның ішінде Крокус-Сити Холлдағы терактіге тікелей қатысы бар төрт террористің де ұсталғаны туралы баяндады.

Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

23 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізетінін хабарлады.

Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072529-krokus-siti-xollda-bolgan-terakt-qurban-bolgandar-sany-115-adamga-zetti/

pixel