Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пикник" тобы "Крокус Сити Холлдағы" терактіден қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Майшам
Майшам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік "Пикник" рок тобының ұжымы концерт алдында "Крокус Сити Холлда" болған да терактіден қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл турлы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жазба музыканттардың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Пикник" ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біз зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Жантүршігерлік қайғылы оқиғаның болғанына жабырқап, қайғырып отырмыз", - делінген хабарламада.

Музыканттар мен олардың менеджерлерінің аман-есен екені бұған дейін хабарланған болатын.

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холлда" болған теракт

22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оқиғаның видеосын жариялаған. Оқиға орнында жарылыс болғаны да хабарланды.

Ресейдің Тергеу комитеті атыстан 115 адам қаза тапқанын, құрбандар саны артуы мүмкін екенін мәлім етті.

Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі басшысы Александр Бортников Владимир Путинге ғимаратына террорлық шабуыл жасаған 11 адамның, оның ішінде Крокус-Сити Холлдағы терактіге тікелей қатысы бар төрт террористің де ұсталғаны туралы баяндады.

Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

23 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізетінін хабарлаған еді.

Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072547-piknik-tobyndagy-muzykanttar-krokus-siti-xollda-bolgan-terrorlyq-sabuyldan-qaza-tapqandarga-konil-aitty/

pixel