"Крокус Сити Холлда" үйінді астынан қаза тапқандардың денесін іздеу жалғасуда: құрбан болғандар саны 133-ке жетті
Жарияланған күні:
Читать на русскомМәскеу маңындағы Крокус Сити Холл концерттік кешенінде үйінділерді тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар тағы бірнешетеракт құрбаны болған адамдардың денесін тапты. Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 133-ке жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап
"Крокус Сити Холл" концерт залында үйінділерді тазарту жұмыстары кезінде қаза тапқандардың денесі табылып жатыр. Террорлық шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны 133 адамға жетті. Іздеу жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушілер ғимараттың төбесіндегі, 2-ші және 3-ші қабаттарындағы қызыл жалынды әлі сөндіріп жатқанын хабарлады. Өрттің жалпы ауданы - 500 шаршы метр.
Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холлда" болған теракт
22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оқиғаның видеосын жариялаған. Оқиға орнында жарылыс болғаны да хабарланды.
Ресейдің Тергеу комитеті атыстан 115 адам қаза тапқанын, құрбандар саны артуы мүмкін екенін мәлім етті.
Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі басшысы Александр Бортников Владимир Путинге ғимаратына террорлық шабуыл жасаған 11 адамның, оның ішінде Крокус-Сити Холлдағы терактіге тікелей қатысы бар төрт террористің де ұсталғаны туралы баяндады.
Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді.
23 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізді.
Кейін Владимир Путин қайғылы оқиғадан кейін ресейліктерге видеоүндеу жасады. Ресейде 24 наурыз ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072571-krokus-siti-xollda-uiindi-astynan-qaza-tapqandardyn-denesin-izdeu-zalgasuda-qurbandar-sany-133-ke-zetti/