Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Грозныйға анасына ұшып бара жатқан": ұшақ апатынан қаза тапқан жасөспірімнің денесі жер қойнына тапсырылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мухаммедали Егановтың жерлеу рәсіміне жиналған жұрт
Мухаммедали Егановтың жерлеу рәсіміне жиналған адамдар. Фото: Report.az

Ақтау маңындағы Embraer ұшағы апатынан қаза тапқан 13 жастағы Мұхаммедали Еганов Бакуде жерленді. Ол Жаңа жылды анасымен бірге қарсы алу үшін Грозныйға ұшып бара жатқан.

Әзербайжандық Report басылымының жазуынша, "Гянджлик" клубының 13 жастағы футболшысы Мұхаммедали Еганов Бакудегі Сурахани зиратына жерленді.

Жасөспіріммен қоштасу рәсіміне ағайын-туысы мен қала тұрғындары жиналған.

Басылым мәліметінше, марқұмның достарының бірі Хусейн Гулиев журналистерге Мұхаммедалидің жақсы дос болғанын және спортта зор үміт күттіргенін айтқан.

"Ол жақсы дос болды. Біз бір мектепте оқыдық. Ол кетер алдында барлық досымен және мұғалімдерімен қоштасып үлгерді", - деп еске алады Хусейн.

Марқұмның нағашысы Зара Еганованың жергілікті Media.az басылымына хабарлауынша, бала жаңажылдық демалысты анасымен бірге өткізу үшін Грозныйға ұшып бара жатқан.

"Жиеніммен сөйлеспегеніме көп болды. Бірдеңе деу өте ауыр. Ол мерекені анасымен бірге қарсы алу үшін Грозныйға ұшып бара жатқан. Өте жақсы бала еді", - дейді марқұмның туысы.

Еске салсақ, Мұхаммедали қайтыс болғаннан кейін сыныптастары әлеуметтік желі арқылы оның анасына бару үшін Грозныйға ұшып кеткенін айтқан еді. Кейін баланың Бакудің Хатай ауданында тұратыны және сол жерде орта мектепте оқығаны белгілі болды.

Ақтау маңындағы Embraer ұшағы апаты

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 желтоқсан күні сағат 10:58-де 1-ші санатты жедел жәрдем шақыртуы түскен. Оқиға орнына 22 жедел-жәрдем бригадасы жіберілген.

Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы нақтыланған деректерді жариялады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі.

Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған.

Көп ұзамай Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатып, Ақтау маңына құлаған ұшақ бортында болған жолаушылар тізімін жария етті.

Сондай-ақ Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандардың тізімі және экипаж мүшелерінің тізімі шықты..

АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жалпы апат орнынан 29 адам облыстың медициналық мекемелеріне жеткізілген. Олардың 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына түсті.

Сол күні премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Ақтауға келіп, апат болған жерге барды. Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады, сол ауданда жергілікті төтенше жағдай жарияланды.

Azerbaijan Airlines әуе апатының себептерін тергеу аяқталғанша Бакуден Грозный мен Махачкалаға ұшуды уақытша тоқтатты.

Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.

Қайғалы апатқа байланысты брифинг барысында көлік министрі ұшақ экипажының бес мүшесінен үшеуі аман қалғанын хабарлады. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан экипаждың үшеу емес, екі мүшесі ғана тірі қалғанын мәлімдеді.

Әзербайжан астанасында мемлекеттік алаңдағы және басқа да ресми мекемелердегі ту түсіріліп, аза тұту күні жарияланды.

26 желтоқсанда Euronews генттігі Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Ақтаудағы қайғылы оқиғаға Ресейдің Грозный үстінен ұшырылған зымыраны себеп болғаны туралы ақпарат жариялады.

Кейін Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2206343-groznyiga-anasyna-ushyp-bara-zhatqan-aqtau-mangynda-qaza-tapqan-13-zhasar-zhasospirimning-denesi-zher-qoinyna-tapsyryldy/