АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан Иранда кем дегенде 555 адам қаза тапқан
Опубликовано:
Читать на русском
Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан құрбан болғандар туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ұйымның мәлімдемесінде осы уақытқа дейін 131 қалалық округке шабуыл жасалғаны, кем дегенде 555 ирандықтың қаза тапқаны айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАӘ-нің Қорғаныс министрлігі Иран жасаған соққы салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы хабарлаған еді.
28 ақпанда Израиль Иранға "превентивтік соққы" жасады. Бүкіл ел бойынша төтенше жағдай жарияланды.
Осыдан кейін Дональд Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды операция бастағанын хабарлады. Иран шабуылға қарсы қарымта жауап күшті әрі шешуші болатынын мәлімдеді.
Кеше Иранның мемлекеттік БАҚ-тары елдің жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқанын ресми түрде растады. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.
Сонымен қатар шабуыл салдарынан Иран қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Шамхани, Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпур, елдің қорғаныс министрі және Қарулы Күштер Бас штабының бастығы қаза тапты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2349231-iranda-aqsh-pen-izrailding-shabuyldary-saldarynan-kem-degende-555-adam-qaza-tapqan/