jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Байжанов неге Нүкеноваға ақылы жедел жәрдем шақырғысы келгенін түсіндірді

    Жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қуандық Бишімбаев ісі бойынша екінші сотталушы Бақытжан Байжанов сотта неге Салтанат Нүкеноваға ақылы жедел жәрдем шақыруды ұсынғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сотта прокурор Байжановқа бұған дейін таныс дәрігеріне хабарласқанын айтқанын есіне салып, мұны Бишімбаевқа айтқан-айтпағанын сұрады.

    "Мен дәрігерге қоңырау шалдым, содан кейін Бишімбаевқа айттым. Бишімбаев мемлекеттік жедел жәрдем қызметін шақырудан қорқып тұр деп ойладым. Сол үшін "Ақылы жедел жәрдем қызметі бар, олар 40 мың теңгеге келеді" деп айттым", - деді Бишімбаевтың туыс інісі.

    Мемлекеттік айыптаушы: "Сіз Бишімбаевтың келісімін күттіңіз бе?" деп сұрады Байжановтан. Ол Бишімбаевтың келісімін күткенін айтты.

    Айта кетейік, кезекті сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов 2023 жылғы 9 қарашада Салтанат Нүкенова көз жұмған күні "Гастроорталықта" не жағдай болғанын айтып берді. Соттың онлайн-трансляциясын мына жерден көруге болады.

    Бұған қоса ол BAU мейрамханасының бейнебақылау камераларындағы бейнежазбаны не себепті өшіргенін, Бишімбаевтың бұған дейін бірнеше есік сындырғанын, сондай-ақ Салтанат Нүкенова қаза тапқан күні болған жайтты мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері көрген болуы мүмкін екенін айтты.

    Қуандық Бишімбаев ісі

    Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

    Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

    12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.