jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды": жараланып, ауруханаға түскен Руслан Берденов жазба жариялады

Руслан Берденов ортада
Руслан Берденов ортада. Фото: instagram.com/ruslan_berdenov

Оқ тиіп, ауруханаға түскен Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов оқыс оқиғадан кейін алғаш рет желіде жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті шымкенттіктер, қадірлі Қазақстан халқы! Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, менің отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын.

Алайда сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамның, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді.

Міне, 3 аптаға созылған ауруханадағы күндерім аяқталып, өзім де аяққа тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды. Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді", - деп жазды Руслан Берденов Instagram желісіндегі парақшасында.

Ол аяққа тұруына көмектескен Шымкент қалалық ауруханасының ұжымына, дәрігерлеріне алғысын айтты.

"Осы уақыт ішінде еліміздің медицинасы көп ілгерілегеніне, шетелдік клиникалардан еш кем еместігіне көз жеткіздім. Ақ халатты абзал жандарымыздың мейірімі мен кәсібилігі де ризашылығымызға әбден лайық.

Баршаңызға қолдау мен жаңашырлық үшін шексіз алғысымды айтамын", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер Руслан Берденовке шұғыл түрде ота жасалғанын, ота төрт сағаттан аса уақытқа созылғанын жеткізді. Кейінірек оның есін жиғаны белгілі болды.

Полиция күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Кейін брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әріптесі Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты жаңа деректерді айтып, бұл жағдайға қатысты әкімдік тарапынан неге ешкім пікір білдірмегенін түсіндірді.

Жақында белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосын жариялап, оның жағдайы жақсы екенін жеткізген еді.

"Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды": жараланып, ауруханаға түскен Руслан Берденов жазба жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.