jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Елордада есептен шығарылған": министр Руслан Берденовке оқ атылған қаруға қатысты сұраққа жауап берді

    Қару және патрондар
    Қару және патрондар. Иллюстрациялық фото: WIN-Initiative/Neleman/Getty Images

    Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған мылтықтың елордада есептен шығарылғанын растады, деп хабарлайды Kazinform.

    "Иә, өкінішке қарай мұндай жайт болды. Біреулер бірдеңені сатқаны емес, қызметкерлердің немқұрайлығы болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды және тергеу аясында біз барлық мән-жайды, яғни жою орнындағы кінәліні, кім сатқанын анықтаймыз. Бұл сұрақтардың бәріне жауап береміз", - деді Ержан Сәденов мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды.

    Оқ жарақатын алған экс-шенеунік ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде ота жасалды.

    Полиция күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    25 маусымда Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды. 28 шілдеде бұл іс бойынша сот процесі басталды.

    20 тамызда айыпталушыға сот үкімі шықты, ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

    "Елордада есептен шығарылған": министр Руслан Берденовке оқ атылған қаруға қатысты сұраққа жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.