jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұл – өте ауыр жағдай": Бас прокурордың орынбасары Алматыдағы хостелде шыққан өртке қатысты пікір білдірді

    Жандос Өмірәлиев
    Жандос Өмірәлиев. Фото: gov.kz/prokuratura-zko

    Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев Алматыдағы хостелде болған өртке қатысты пікір білдіріп, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бұл өте ауыр жағдай. Әуелі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті бүгін таңғы сағат 5:45-те өрт шыққаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеген еді, өрт бір сағаттың ішінде сөндірілген, алайда өкінішке қарай, 13 адам көз жұмды.

    Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бас прокурор Бас прокуратура мен Алматы қалалық прокуратурасының қызметкерлеріне қысқа уақыттың ішінде тергеудің сапалы, жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз етуді, полиция қызметкерлеріне барынша көмек көрсетуді тапсырды", - деді Жандос Өміралиев.

    Оның айтуынша, жауапты тұлғалардың кінә деңгейін анықтау үшін барлық қажетті шара жүргізіледі.

    Алматы қаласындағы хостелде болған өрт

    Бүгін, 30 қарашада таңғы уақытта Алматы қаласындағы Ади Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

    Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өрттен зардап шеккен тағы екі адамның Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеді.

    Қайғылы оқиға болған жерге Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев пен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев келді.

    Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алғашқы рейспен төтенше жағдай болған Алматыға ұшып келетіні белгілі болды.

    Хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

    Кейін қалалық полиця департаменті хостелде қаза тапқан барлық азаматтың жеке басы анықталғанын хабарлады.

    "Бұл – өте ауыр жағдай": Бас прокурордың орынбасары Алматыдағы хостелде шыққан өртке қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.