jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Семейде ірі сауда үйіндегі өртті сөндіруге 349 адам жұмылдырылды (видео, фото)

    өрт
    Семейдегі сауда орталығындағы өрт. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Семейде ірі сауда үйінен шыққан өртті сөндіру жұмысы жалғасуда. Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамнан 349 адам, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрт сағат 11.39-да оқшауланғаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, Засядко көшесі 65 үй мекенжайындағы өрт бойынша хабарлама 6 ақпанға қараған түні келіп түскен.

    Семейдегі өрт
    Оқиға орны. Фото: KAZ.NUR.KZ

    "Сағат 2:29-да оқыс оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бірінші қабатта эскалатор маңындағы бутиктер жанып, 2 қабатқа таралғанын анықтады. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - дейді Абай облысы ТЖД баспасөз хатшысы.

    Өрттің себебі мен алдын ала алаңы анықталуда. Өртті жоюға таңертең жеке құрамның 349 адамы, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған болатын.

    Кейін өртпен күреске жеке құрамнан 388 адам, 48 бірлік техника тартылғаны айтылды. Сауда үйіндегі өрт сағат 11.39-де оқшауланды.

    "Жоғары температура, үлкен өрт жүктемесі, жанғыш материалдар, ғимараттың орналасуының күрделілігі және жеке құрамның жұмысына қауіп төндіретін ғимарат шатырының құлау қаупі өрт сөндіру жұмыстарын  қиындатуда", - делінген ТЖД хабарламасында.

    Абай облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы ескертеді.

    Еске салсақ, бүгін Абай облысы полиция департаменті өкілдері Семейдегі ең ірі киім базарынан өрт шыққаны туралы хабарлаған болатын. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері де жүр.

    Автор: Елжан Нұрболат

    Семейде ірі сауда үйіндегі өртті сөндіруге 349 адам жұмылдырылды (видео, фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.