jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Один дома" фильмінің жұлдызы алғаш рет әке атанды

    Маколей Калкин
    Маколей Калкин. Фото: VALERIE MACON/AFP via Getty Images

    "Один дома" фильмінің жұлдызы, 40 жастағы Маколей Калкин мен актриса Бренда Сонг ұлды болғандарын хабарлады деп жазады Lenta.ru.

    Актердің ұлы 5 сәуір күні дүниеге келген. Оның салмағы 3,11 келі. Маколей Калкин ұлының есімін марқұм әпкесінің құрметіне Дакота Сонг Калкин деп атаған.

    "Біз өте қуаныштымыз", - дейді алғаш рет ата-ана атанған жұп.

    Маколей Калкин мен Бренда Сонг бірнеше жыл бұрын Таиландта фильмнің түсірілімі кезінде танысқан.

    Айта кетсек, Маколей Калкин әйгілі "Один дома" фильмінен бөлек, "Добрый сынок", "Богатенький Ричи", "Моя девочка", "Клубная мания", "Спасенная" және "Повелитель страниц" секілді фильмдерге түскен.

    Еске сала кетсек, 7 сәуір күн қазақстандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей үшінші перзентін дүниеге әкелді. Тележүргізуші ұлына Сұлтан-Әли деген есім берген.

    Кейінірек, 46 жастағы тележүргізушінің перзентханадан шыққанын жазған едік. Айгүл Мүкейдің жақындары оған ерекше тосынсый әзірлеген.

    Сонымен қатар таяуда актриса Нұргүл Мыңғатова ұлды болды.

    Сонымен бірге "Алашұлы" тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған әнші Әзімбек Байлиннің отбасы тағы бір жанмен толыққан еді. Өнер иесі қызды болған.

    Одан бөлек, әнші Әбдіжаппар Әлқожаның төртінші перзенті өмірге келген болатын. Өнер иесінің жары оған ұл бала сыйлаған.

    Кейбір желі қолданушылары әншінің отбасылы екенінен бейхабар болып шықты. Олар өнер иесінің төрт баласы бар екенін білгенде қатты таңғалған.

    "Один дома" фильмінің жұлдызы алғаш рет әке атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.