Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай қарды 2010 жылдан бері көрмеппіз": Абай облысының тұрғындары бірнеше күннен бері қармен алысуда

Опубликовано:

қар
Ауладағы қар. Фото: KAZ.NUR.KZ

Абай облысы Үржар ауданының тұрғындары бірнеше күн қатарынан толассыз жауған қарды әлі тазалау үстінде. Аудандық метеостанция өкілдерінің айтуынша, қардың қалыңдығы бір метрден асқан, ал таулы аймақтарда екі метрге жеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үржарлықтар аулаларын жаңа жыл қарсаңынан бастап толассыз жауған қардан аршып біте алмай жатыр.

Үржар ауданы
Үржар ауданының еріктілері. Фото: Instagram/urzharaudany

Мұндай қалың қарды аудан тұрғындары 2010 жылдан бері көрмегенін алға тартады.

Аудандық метеостанция мәліметі бойынша, аудандағы тау бөктерінде орналасқан ауылдарға биіктігі екі метрге дейін қар түскен.

"Бірнеше күн бойы күннің бетін көрмедік. Қар үсті үстіне жауды. Үйдің шатырына түскен қарды өлшегенімде биіктігі 1 м 20 см асыпты. Мұндай қалың қарды өзім 1997 жылы және 2000 жылы көрдім. Үйілген қар терезені жауып қалды", - дейді Аблахат есімді ауыл тұрғыны.

қар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары. Фото: Instagram/urzharaudany

Қалың қар үйлердің төбесін басып қалған. Тұрғындар оны тазалау да артық машақат екенін айтады.

Қалың қар
Ауласын тазалап жүрген ауыл тұрғыны. Фото: KAZ.NUR.KZ

Осыған байланысты ауылдың ерікті жастары қарт зейнеткерлердің, мүгедектігі бар жандар мен әлеуметтік тұрғыда қорғауға зәру жандардың ауласын қардан тазарту жұмыстарына көмек көрсетуде.

Үржар ауданы
Үржар ауданының еріктілері мұқтаж жандарға қар тазалауға көмек беруде. Фото: Instagram/urzharaudany

Айта кетейік, бұған дейін желіде қалың қардың астында қалған жылқының видеосы тараған болатын. Бейнежазба авторлары жылқы батқан қалың қар Абай облысы Үржар ауданына жауғанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004772-mundai-qardy-2010-zyldan-beri-kormeppiz-abai-oblysynyn-turgyndary-birnese-kunnen-beri-qarmen-alysuda-foto/

pixel