Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай жақсарған жоқ": ТЖМ "Қазақстан" шахтасындағы ахуал жайлы айтты

Жарияланған күні:

шахта
Шахта. Көрнекі фото: andresr/Getty Images

Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы "Қазақстан" шахтасындағы қазіргі ахуал жайлы айтты. Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарлауынша, жағдай әлі жақсармаған.

"22 тамыз сағат 8.00-дегі жағдай бойынша "Қазақстан" шахтасындағы жағдай: авариялық қазбадағы өрт ошақтары әлі де жанып жатыр, жағдай жақсарған жоқ.

Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штабының басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады.

Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күшті апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарлануда", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ ТЖМ оқиға орнынан видео жариялады.

"Қазақстан" шахтасындағы апат

Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді.

Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының барлығының денесі табылды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ олардың толық тізімін жариялады.

Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды.

Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.

Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.

19 тамызда үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілердің халін сұрады.

Сонымен қатар премьер-министр "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметін қатаң сынға алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033403-zagdai-zaqsargan-zoq-tzm-qazaqstan-saxtasyndagy-axual-zaily-aitty/