jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Араққа қарсымыз": Қарағанды облысында ауыл тұрғындары дүкендердегі барлық ішімдікті сатып алып, тас-талқан етті

Абай ауылының тұрғындары
Абай ауылының тұрғындары: КТК арнасындағы сюжеттен кадр

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Абай ауылы ішімдік атаулыдан бас тартты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна хабарлауынша, Абай ауылының тұрғындары дүкендердегі барлық ішімдікті сатып алып, "Араққа қарсымыз" деп ұрандатып, оны көптің көзінше тас-талқан еткен.

"Мұндай шешім қабылдау да оңай болмады" - дейді тұрғындар.

Ішімдіктен бас тартуды ауыл ақсақалдары ұсынған. Оны жастар қолдаған. Тұрғындырдың айтуынша, бұл – үлгілі ауыл атанудың алғашқы қадамы. Ендігі мақсат — ауылдағы қылмысты жою.

Тұрғындар ішімдіксіз ауылда бұған қол жеткізу қиын болмайтынына сенімді.

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы Тікенекті ауылы да ішімдіктен бас тартқан еді.

Бұдан бөлек, елімізде елімізде ішімдіктен бас тартқан ауылдар жетерлік. Мысалы, Жамбыл облысындағы 5 бірдей ауыл, Түркістан облысында 10-нан астам ауыл алкоголь өнімдерінен бас тартқан.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы Теңдік және Қарағай ауылдары, Жетісу облысы, Сарқан ауданындағы Абай, Ұлытау облысындағы Сәкен Сейфуллин ауылдары да ішімдіктен бас тартқан.

"Араққа қарсымыз": Қарағанды облысында ауыл тұрғындары дүкендердегі барлық ішімдікті сатып алып, тас-талқан етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.