Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік министрлігі Астана әуежайындағы жағдай туралы: Штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Жарияланған күні:

Әуежай
Астана әуежай. Фото: Көлік министрлігінің Telegram-дағы арнасы

Көлік министрлігі өкілдері Қазақстанның әуетасымалы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, 30-нан 31 желтоқсанға қараған түні Астана әуежайынан ұшақтардың ұшуы мен қонуы қайта жанданды.

"Әуеайлақтағы ауа-райы тұрақталды, қазіргі уақытта әуе айлақ штаттық режимде жұмыс істеуде. Құрамына Көлік министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Қазаэронавигацияның, әуежайдың және Қазақстан астанасына ұшуды жүзеге асыратын барлық авиакомпаниялардың басшылары мен жауапты қызметкерлері енген жедел штаб өз жұмысын жалғастыруда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылғы 31 желтоқсанда елорда әуежайында 206 рейс (101 – ұшып келу , 105 - ұшу) орындау жоспарланған. Оның ішінде 39 рейс кешіктіріледі (25 – ұшып келетін, 14 - ұшатын) және 29 рейс тоқтатылды (13 – ұшып келетін, 16 - ұшатын).

Алматы қаласының әуежайы да штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгін, 31 желтоқсанда 181 рейске қызмет көрсету жоспарлануда (82 – ұшып келу, 99 - ұшу), 38 кешіктірілді (28 – ұшып келу, 10 - ұшу), 3 рейс тоқтатылды.

Ақтау қаласының әуежайында көру мүмкіндігі 350 м, 31 желтоқсан жоспар бойынша рейстердің жалпы саны 45 (26 – ұшып келу, 19- ұшу), 22 рейс кешіктіріледі (13 – ұшып келу, 9 - ұшу), 4 рейс тоқтатылды ( 2 – ұшып келу , 2 - ұшу).

Еске сала кетейік, кеше, 30 желтоқсанда Астана әуежайы ауа-райының қолайсыздығына байланысты рейстерді қабылдауды тоқтатты. Сол күні Астана халықаралық әуежайында 500-ден астам жолаушы өз рейсін күтіп қалды. Әуежай атынан жолаушыларға ыстық сусын мен ыстық тамақ таратылатыны хабарланды.

Ал 31 желтоқсан таңертең Астана халықаралық әуежайында 10 рейс тоқтатылған. Түс ауа әуе тасымалдаушылар Астанада ауа райының жақсаруына байланысты рейстер кестесі біртіндеп қалпына келтіріліп жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053479-kolik-ministrligi-astana-auezaiyndagy-zagdai-turaly-stattyq-rezimde-zumys-istep-tur/